Универсиада-2025: Қазақстан спортшысы жеңіл атлетикадан финалға шықты
Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Германияда өтіп жатқан Универсиада-2025 жарысының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы биіктікке секіру сайысының іріктеу кезеңін сәтті тәмамдады.
Айта кетейік, осы бағдарламада Елизавета Матвеева да бақ сынаған еді. Алайда ол іріктеу кезеңінен өте алмады.
Финал 26 шілдеде өтеді.
Бұған дейін Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы дзюдодан екі медаль жеңіп алғаны белгілі. 22 шілдеде Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алғашқы алтын медалін жеңіп алған болатын. Таэквондошы Самирхон Абабакиров чемпион атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript