Нұрбек Оралбай жеңісі: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

Нұрбек Оралбай Қазақстанға Азия чемпионатындағы үшінші алтынды әперді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 14:26 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан бокс бойынша 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы ел қоржынына үшінші алтын жүлдені Нұрбек Оралбай салды. Париж-2024 Олимпиадасының жүлдегері 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрбек Оралбай 2026 жылғы Азия чемпионы атанып, Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалыков пен Оразбек Асылқұлов та финалда жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын жүлде салған еді.

Ал жанкүйерлер енді турнирдегі соңғы қазақстандық боксшы – Айбек Оралбайдың жекпе-жегін күтуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: