Алматыда нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Алматы қаласында нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігіне 180 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс барысында жекелей және аралас командалық сындарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Сонымен қатар ішкі біріншіліктің қорытындысы бойынша алда өтетін халықаралық жарыстарға және 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарына, сондай-ақ, 1–15 қараша күндері ұйымдастырылатын Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 10 шілдеде аяқталады.
Бұған дейін батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript