Колумбиядағы ауыр атлеттер додасы: Нұржан Жұмабай жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.
Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды - 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді - 335 (151+184) келі.
Бұған дейін Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында 6-орын алғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript