Қазақстандық шабандоз халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Ат жарыс, Қазақстан, Олег Соколенко, CSI2 Biskupiec 2026, Польша, халықаралық турнир , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 15:13 Сурет: ҚР ат спорты федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшысы Олег Соколенко CSI2 Biskupiec 2026 (Польша) халықаралық турнирінде үздік спортшылардың қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық ат спорты федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Medium Tour (130 см) бағыты бойынша 57 спорттық жұп сынға түсті. Олег SHENANIGAN атымен жарыс жолын айып ұпайларынсыз аяқтап, 31,52 секунд нәтижесімен 4-орынды иеленді.

Бұл – 2026 жылғы XX Азия ойындарына дайындық аясында қазақстандық спортшылардың FEI халықаралық турнирлеріндегі қатарынан екінші жоғары нәтижесі. Нидерландыдағы сәтті өнер көрсеткеннен кейін Олег Соколенко халықаралық деңгейде өзінің жоғары дайындығы мен тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ, турнирде Қазақстан намысын Раиса Соколенко CHEVALIER атымен қорғады.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында екі медаль еншілегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: