Кикбокстан ӘЧ-2026: Қазақстан құрамасы 25 алтын медаль ұтып алды

Кикбокс, ӘЧ, 2026, Қазақстан, алтын медаль, І-орын, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2026 14:58 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Италияның Джезоло қаласында өткен балалар, кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы кикбоксингтен (WAKO) әлем чемпионатының рингтегі дисциплиналары бойынша Қазақстан құрамасы медалдық есептік көрсеткіште бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бірден 66 медаль жеңіп алды:

  • 25 алтын
  • 20 күміс
  • 21 қола

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 25 ең жоғары санаттағы жүлденің арқасында еліміз бірінші орынды сенімді түрде иеленді. Екінші орынға 12 алтын медальмен Сербия жайғасса, үшінші сатыда 10 алтын еншілеген Әзірбайжан құрамасы тұрақтады.

WAKO әлем чемпионатының рингтік бағдарламасына фулл-контакт, лоу-кик және K1 дисциплиналары кіреді. Италияда өткен әлем чемпионатында балалар, кадеттер мен жасөспірімдер сияқты әр түрлі жас санаттарының спортшылары жүлде үшін таласты.

Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатын 25 чемпион және рингтік дисциплиналардың медальдік есебінде бірінші орын көрсеткіштерімен аяқтап, алтын медальдар саны бойынша өзінен кейінгі қарсыласынан екі еседен астам асып түсті.

Әлем чемпионаты 18-27 қыркүйек аралығында өтті.

Бұған дейін Ясмина Токсанбаева Қазақстанға Азия ойындарының тоғызыншы "алтынын" сыйлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: