Елдос Сметов 12 жылдан кейін Азия ойындарында тағы да медаль жеңіп алды

Елдос Сметов 12 жылдан кейін Азия ойындарында тағы да медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 15:16 Сурет: Instagram/kaz_judoteam
30 қыркүйекте Айти-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстанның дзюдо құрамасы екінші күміс медалін иеленді. Бұл жүлдені Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионы Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жапония өкілі Хаято Кондомен белдесті.

Белдесу барысында 25 жастағы жапон дзюдошысы екі "юко" ұпайын алып, Жамбыл облысының тумасын жеңді.

Осылайша, Сметов Азия ойындарындағы үшінші медалін иеленді. Ол 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен Азиадада чемпион атанған еді. Сол жылы ерлер арасындағы командалық жарыста да күміс жүлде жеңіп алған.

2026 жылғы Азиаданың финалына дейін Елдос алғашқы белдесуінде Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері Ли Ха Римді (Оңтүстік Корея) мерзімінен бұрын жеңді. Одан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариунболд Энхтайваннан (Моңғолия) басым түсті.

Жартылай финалда Сметов 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері әрі Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы Ян Юнвэйді (Тайбэй) жеңді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошылар биылғы Азия ойындарындағы екінші күміс медалін еншіледі. Бүгін бұған дейін Абиба Әбужақынова да екінші орын алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: