Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен бас тартты

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен бас тартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 11:24 Сурет: Instagram/wta
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина табанындағы жарақатына байланысты Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA-1000 турниріне қатысудан бас тартып, кейін ол жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, Еленаның денсаулығына қатысты мәселелер Қытайдағы соңғы матчының соңына қарай ушыққан. Ол екінші айналымда Алине Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен сенсациялық түрде жеңіліп қалды.

"Ойымды көруге асыға күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біраз уақыт демалып, қалпыма келуге тырысамын. Түсіністік танытып, үнемі қолдау көрсетіп жүргендеріңізге рақмет. Келесі жылы кездескенше", – деді Рыбакина.

Теннисші табанындағы физикалық жайсыздықпен қатар, қатты шаршағанын және жақында өткен US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін толыққанды ұйықтап, қалпына келе алмағанын айтты.

Уханьдағы турнир 12-18 қазан аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – америкалық теннисші Коко Гауфф.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның WTA-1000 Пекиндегі турнирінен кейін қанша табыс тапқаны белгілі болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: