Елена Рыбакина 2026 жылғы жеңістер саны бойынша WTA турында көш бастады

Елена Рыбакина 2026 жылғы жеңістер саны бойынша WTA турында көш бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 13:10 Сурет: Instagram/wta
Қазақстанның әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған теннисшісі Елена Рыбакина биылғы маусымдағы 53-ші жеңісіне қол жеткізіп, осы көрсеткіш бойынша WTA турында жеке-дара көшбасшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 25 қазанда қазақстандық теннисші Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің финалында канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл Рыбакинаның 2026 жылғы маусымдағы 53-ші жеңісі болды. Осылайша, ол жеңіске жеткен матчтар саны бойынша ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Джессика Пегуланы басып озды. Аталған екі теннисшінің әрқайсысының еншісінде 50 жеңістен бар.

Нинбодағы чемпиондық атақ Рыбакина үшін биылғы төртінші жүлде болды. Бұл көрсеткіш бойынша да қазақстандық теннисші қарсыластарынан озып тұр.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Australian Open – 2026, Штутгарттағы турнир және US Open – 2026 жарыстарында топ жарған болатын.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы кәсіби мансабында WTA турнирлерінде жеңіп алған чемпиондық атақтарының санын 15-ке жеткізді.

Нинбодағы жарыстан кейін Елена Рыбакина бірден Жапония астанасы Токиоға аттанды. Ол алдағы күндері WTA 500 санатындағы кезекті турнирге қатысады.

Ал осы уақытта Испания құрамасы 2026 жылғы Дэвис кубогының финалына өзінің үш жұлдызды теннисшісін шығаруды жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: