Рыбакина Соболенкоға күшті мүмкіндік беріп қойды - сарапшы пікірі

Теннис, Кэм Уильямс, Елена Рыбакина, WTA-2026, Қорытынды турнир, Арина Соболенко , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 10:19 Сурет: Instagram/wta
Tennis Talk with Cam Williams YouTube арнасының америкалық сарапшысы Кэм Уильямс қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның WTA-2026 Қорытынды турнирінде өнер көрсетуден бас тартуы мен Арина Соболенконың әлемдік рейтингтегі орнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz сайты сарапшының пікірін келтіре отырып, Елена Рыбакина бұл маусымда, сөзсіз, үздік теннисші бола білгенін, бірақ оның соңғы турнирге қатыспай қалуы Арина Соболенкоға рейтингтік ұпайлар арасындағы айырмашылықты біраз қысқартуға мүмкіндік беретінін хабарлайды.

"Естеріңізде болса, бірнеше апта бұрын жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін тартыс жүріп жатты. Нәтижесінде Рыбакина оны қамтамасыз ете білді. Алайдa, егер қазір Соболенко бір де бір рет жеңілмей, турнирде жеңіске жетсе, ол ұпай айырмасын қысқарта алады. Сондықтан келесі жылы әлемдік рейтингтегі бірінші орын үшін тартыс өте тартысты өтіп, көшбасшылық тізгіні бір теннисшіден екіншісіне бірнеше рет өтуі мүмкін", деп болжайды Уильямс.

Елена Рыбакина өткен жылы WTA Қорытынды турнирінде жеңіске жеткен болатын: финалда қазақстандық теннисші Арина Соболенконы екі сетте 6:3, 7:6 есебімен ұтқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: