Арина Соболенко WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады
Сурет: Instagram/arynasabalenka
Sportarena.kz мәліметінше, кездесу екі сетте аяқталып, Арина Соболенко 7:6 (7:2), 7:5 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 54 минут өнер көрсетті.
Осы уақыт ішінде Соболенко төрт эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Ал Мухованың еншісінде бес эйс, төрт қос қателік және қарсыласының доп беруіндегі төрт жеңісті гейм бар.
Бұл жеңіс беларусь спортшысына чехиялық теннисшімен жеке кездесулердегі есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Енді олардың өзара кездесулеріндегі есеп – 3:3.
2026 жылғы WTA қорытынды турнирі 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте өтіп жатыр. Әлемдік рейтинг көшбасшысы, қазақстандық Елена Рыбакина вирустық инфекцияға байланысты турнирден бас тартуға мәжбүр болды.
Бұған дейін АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA-2026 қорытынды турнирінің жалпы жүлде қоры 8 млн долларды (3 млрд 585 млн теңге) құрайтыны белгілі болған еді.