FIFA-ның жаңартылған рейтингісі жарияланды. Қазақстан нешінші орында тұр
Сурет: kff.kz
FIFA-ның жаңартылған рейтингісінде Қазақстан құрамасы өз позициясын біраз нашарлатып, екі сатыға төменге сырғыды.
Қазір біздің команда әлемдік футбол классификациясында 1160,72 ұпаймен 119-орынға тұрақтаған.
Жақында қазақстандықтар УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізген болатын. Алдымен сырт алаңда Молдова өкілдеріне есе жіберсе (1:2), содан кейін Джон ван 'т Схип шәкірттері Астанада Словакиямен өткен кездесуде (2:2) жеңісті соңғы минуттарда уысынан шығарып алған еді.
Бұл ойындар ұлттық құрамамыз үшін биылғы жылдағы соңғы кездесулердің бірі болды.
Ал FIFA рейтингінің көш басындағы жағдай еш өзгермеген, көшбасшылар өз орындарын сақтап қалды.
Бірінші орында Испания (2004,48 ұпай), одан кейінгі орындарға Аргентина (1966,13) мен Франция (1950,82) жайғасқан.
Ал бүгін қазақстандық футбол құрамасының Еуро-2028 іріктеу жеребесіндегі себетінің нөмірі белгілі болды.