1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын бітіріп, диплом алды тағылымдамасын ҚХР елшілігінде өтті, Пекин лингвистикалық институтында тәжірибе алды. 1992 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдады. Сыртқы Істер Министрі, премьер-министр, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарды. 2011 жылы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметіне таңайындалды. ТМД Сыртқы Істер министрлер кеңесінің және Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағасы қызметіне сайланды. 2019 жылы 20 наурызда ҚР Президенті ретінде ант қабылдады. 2019 жылы 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96% дауыспен жеңіске жетті. 2019 жылы 9 маусымда ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кірісті.
Плитка
Тізім