Сирек кездесетін Lamborghini тізгіндеген америкалық азамат Өзбекстанда қалып қойды

Сирек кездесетін Lamborghini тізгіндеген америкалық азамат Өзбекстанда қалып қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 12:25 Сурет: Instagram/camperghini
АҚШ-тық саяхатшы-блогер Коннор Lamborghini маркалы сирек кездесетін көлігімен Өзбекстанда тұралап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстанда ол көліктің елде болу мерзімі өтіп кеткендіктен, шамамен үш күн бойы елден шыға алмай, тоқтап қалған. Бұл шытырман оқиғасымен блогер Instagram парақшасында бөлісті.

Кеден комитетінің мәліметінше, суперкар 2 мамырда елге кірген және оны 2 тамызға дейін елден шығару қажет болған. Алайда блогер елде екі айға жуық уақытқа артық қалып қойған. Осы үшін оған 23 миллион 72 мың өзбек сомы көлемінде айыппұл салынған.

Сурет: Instagram/camperghini

Өткелдегі төлем терминалы жұмыс істемегендіктен Коннор айыппұлды бірден төлей алмаған, ал ең жақын банкомат 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ретте, визасының мерзімі аяқталып жатқандықтан, кеден аймағынан шығуға құқығы болмаған. 29 қыркүйек күні ол өз отандастарының көмегімен айыппұлды төлеп, көлігімен бірге елден шыққан.

"Алғашында қатты абдырап қалдым, бірақ кейін бәрін шешуге болатынын түсіндім. Бұл мен үшін үлкен сабақ болды – арманыңдағы көлікпен жүрсең де, әрқашан ережелерді мұқият оқып шығу керек. Өзбек халқына күн сайын көрсеткен қолдауы мен мейірімділігі үшін алғысым шексіз", – деді блогер.

Сурет: Instagram/camperghini

Бұған дейін алматылық тау сүйер қауым үшін әйгілі Фурманов шыңындағы әткеншекке қатысты жағымды жаңалық хабарланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: