Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге ақша төленеді

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 13:29 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Қостанай облысындағы өрт салдарынан келген шығын есептеліп, резервтен қаржы бөлінеді. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдерінің өрттен келген шығын туралы сұрағына жауап берген министр бұл көрсеткіш белгісіз болғанымен, қазір есеп жүргізіліп жатқанын айтты. Қуантыров өрттен зардап шеккендерге түрлі жақтан көмек көрсетілетініне сендірді.

Әртүрлі дереккөздер бар. Соның ішінде - қайырымдылық қорлары да. Жәбірленушілерге тікелей ақша бөлуге келер болсақ, бұл мәселе бойынша әлі де шешім қабылданады. Оның үстіне ақшаны есептегеннен кейін тікелей резервтен бөлу жоспарланып отыр.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Өрт 2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығының аумағында басталған. Қыркүйектің 3-і күні Әулиекөл ауданында өрт салдарынан бірнеше ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты. 5 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Мемлекет басшысы өртті жою барысына баға берді. Мемлекет басшысы өрт болған аумақты тікұшақпен аралап көріп, Қостанай облысындағы төтенше жағдай аясында сабақ алуға шақырды. Сонымен қатар президент құтқарушыларды марапаттауға уәде беріп, зардап шеккендермен кездесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: