Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде 150-ден аса адам зардап шекті

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 6,2 баллдық жер сілкінісі салдарынан 151 адам зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ. Бұл ақпаратты Ыстамбұл провинциясы губернаторының кеңсесі жариялады.
"Дүрбелең кезінде биіктен секіріп, зардап шеккен 151 азамат емделуде. Олардың өміріне аса қатты қауіп жоқ. Құрбан болғандар жоқ. Жалпы қалада қираған тұрғын үйлер жоқ. Фатих ауданында қараусыз қалған ғимарат құлады. Аталған оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді", – деп Habertürk телеарнасы провинция билігі берген мәліметтерді келтірді.
Сондай-ақ, губернатор жер сілкінісінен кейін "энергиямен жабдықтау, газ инфрақұрылымы, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері әсер етуі мүмкін жағымсыз жайттар тіркелмегенін" айтты.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бірқатар жер сілкіністеріне байланысты Ыстамбұл тұрғындарына қолдау білдірді. Түркия басшысы жағдайдың барысын мұқият қадағалап отырғанын және салалық министрлер мен ведомстволардан, сондай-ақ қала билігінен барлық ақпаратты уақытты алып отырғанын айтты.
Айта кетсек, Түркия билігінің ақпараты бойынша, 2025 жылғы 23 сәуірде Ыстамбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі орын алып, артынан афтершоктар жалғасуда. Түркиядағы қатты жер сілкінісіне байланысты Ердоған мәлімдеме жасады.