Түркияның Әуе күштерінде алғаш рет әйел генерал тағайындалды

Түркияның Әуе күштерінде алғаш рет әйел генерал тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 11:57 Сурет: turkiyegazetesi
2026 жылғы 30 тамыздан бастап полковник Өзлем Карапынар Түркия Әуе күштері тарихындағы алғашқы әйел генерал атанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жуырда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның төрағалығымен өткен Жоғары әскери кеңестің отырысында Қарулы күштердің басшылық құрамына қатысты жаңа тағайындаулар мен әскери атақтарды көтеру туралы шешімдер қабылданды. Türkiye Gazetesi басылымының жазуынша, ең маңызды шешімдердің бірі – полковник Өзлем Карапынарға бригадалық генерал әскери атағын беру болды.

"Ол Түркия Әуе күштерінің тарихында генерал шенін алған алғашқы әйел болды", – делінген басылымда.
Түркияның Әуе күштерінде алғаш рет әйел генерал тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 11:57

Сурет: Facebook/turkiyegazetesi

Жоғары әскери кеңестің бұл шешімі 2026 жылғы 30 тамыздан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап Өзлем Карапынар ресми түрде Түркия Әуе күштерінің тұңғыш әйел генералы болады.

Бұған дейін Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: