Түркия мен Сирияда қаза тапқан адамдар саны 23 мыңнан асты

Сурет: ҚР ТЖМ
Түркия мен Сирияда болған зілзала салдарынан 23 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінің құрбаны 20 213 адамға жетті.  Сирияда қаза тапқандар саны 3500-ге дейін өсті, деп хабарлайды Reuters.

Қос елде апаттан 80 мыңнан астам адам зардап шекті. Олардың саны да күн сайын өсу үстінде.

6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Осыдан кейін де мұнда кем дегенде тағы 10 жер сілкінісі сезілді.

Қазақстан Түркияға өз құтқарушылары мен дәрігерлер тобын жіберді, олар Түркияның екі қаласында – Газиантеп пен Нұрдалыда қарқынды жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару операциялары кезінде 7 адам тірідей табылды, сондай-ақ 14 мәйіт үйінді астынан шығарылды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді