Швецияда тағы бір акция өтіп, Құран кітап өртелді

Сурет: pxhere
Қала полициясы рұқсат берген акция Стокгольм маңындағы Дроттнингхольм патша сарайы жанында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акцияны ұйымдастырушы Иран иммигранты діннің де саясат екенін баршаға жеткізгісі келетінін айтады, деп жазады ТАСС.

Жаңбыр жауып тұрғандықтан қолшатыр ұстаған қыз шұңқыр қазып, оған құрғақ бұтақтарды тастайды. Содан кейін ол Құран кітаптың парақтарына бұл "заңсыз жазба" деп жазып, оларды жыртып отқа тастайды.

Болған жайтты негізінен журналистер тамашалады. Бірнеше наразылық білдірушілер акцияны тоқтатуды талап етіп, қызға ұрысқан.

"Ираныңа бар, кітабыңды сол жерде өрте!"- деп айқайлады олардың бірі.

Қыз бұрын мұсылман болғанын, ал қазір христиандықты қабылдағанын айтады, өйткені, оның айтуынша, ислам - "демократиялық дін емес".

25 шілдеде Данияда Құран кітап өртелді.

31 шілдеде Ирак мигранттары Швеция астанасындағы парламент ғимаратының жанында Құран кітапты өртеп жіберді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты