Вашингтон: Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін

Сурет: wikimedia
Әлем Иран мен Израильге көз тігіп отыр. Вашингтонның мәлімдеуінше, Иран Израильге шабуыл жасау үшін дайындықты аяқтаған.

Тіптен, Тегеран жоспарын бүгін іске асыруы мүмкін деген мәлімет бар.

Осыған орай, Вашингтон Израильдегі АҚШ елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне ел ішінде қозғалысты шектеу қажеттігін ескертті, деп жазады qazaqstan.tv.

Америкалық шенеуніктердің мәліметінше, Иран Израильді 100-ден аса дрон, ондаған қанатты зымыран, оның ішінде баллистикалық ракеталармен шабуылдауы мүмкін.

Сәуірдің басында Сирия астанасы Дамасктегі Иран консулдығына шабуыл жасалып, 13 адам қаза тапты. Тегеран бұл шабуыл үшін жауап беретінін мәлімдеген еді.

АҚШ
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Алматыда Тілендиев көшесін ұзартуға байланысты жекеменшіктің жер телімдері алынбақ

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы