Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты

Сурет: freepik
Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты. Ұстаздар қауымы жұмысқа шықпағандықтан бірқатар мектеп пен жоғарғы оқу орындарында сабақ болмады.

Брюссель мен елдің Валлония аймағының ұстаздары оқу ордаларының алдына, министрлік жанына жиналып, наразылық акциясын өткізді. Олар білім министрлігінің жаңа реформасына және бюджетті қысқартуға қарсы, деп жазады qazaqstan.tv.

Ереуілшілер биліктен мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайтып, олардың біліктілігін бағалаудағы бассыздықтарға жол бермеуді талап етті.

"Менің мектепте істегеніме 30 жылдан асты. Соңғы жылдары сабақтан тыс қағазбастылық, жүктеме көп. Салдарынан білім сапасы төмендеп кетті." Элен Дюпон, математика пәнінің мұғалімі

Онсызда мұғалім жетіспейді, штатты көбейту керек. Ал үкімет керісінше, бюджетті тағы да қысқартпақ. Бізбен келіссөз жүргізбесе, жағдай қиындайды, деп жазады кәсіподақ ұйымының жетекшісі Мадлен Пиере.

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты