Тбилисидегі наразылық шараларына байланысты Грузияда пиротехникалық заттарды қолдануға шектеу қойылады

Сурет: pixabay
Грузия билігі тыйымдардың бір бөлігін 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап енгізуді жоспарлап отыр, екінші бөлігі 1 сәуірде күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грузияның билік партиясы парламентке пиротехникалық заттарды пайдалануға шектеу қою туралы заң жобасын ұсынды. "Грузин арманы" жобасында елге пиротехникалық заттарды әкелу, экспорттау, өндіру және сату үшін Ішкі істер министрлігіне бағынатын Мемлекеттік резервтер және азаматтық қауіпсіздік қызметтері агенттігінен арнайы рұқсат алу қажет екендігі айтылған.

"Пиротехникалық заттарды сатып алуға және пайдалануға тек арнайы білімі бар тұлғалар ғана құқылы", — делінген заң жобасында.

Білімді растау сертификатын Мемлекеттік резервтер агенттігі де береді.


"Түрлі митингілер мен демонстрацияларда тыйым салынған заттардың тізбесіне пиротехникалық заттар, атыс және жүзді қарулар, жарылғыш заттар қосылады", — делінген заң жобасында.

Бастамаға пиротехниканың Тбилисидегі еуроинтеграцияны тоқтатуға қарсы шерулер кезінде оппозицияның негізгі құралдарының біріне айналуы себеп болды. Грузия парламенті маңындағы наразылық шерулері екі аптаға жуық уақыт бойы жалғасып жатыр.

Осы уақытта Грузия президенті Саломе Зурабишвили Париждегі Нотр-Дам соборының ашылу салтанатына қатысып, еліне қайтып келе жатқанда ұшақ жолаушыларымен суретке түсті.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты