Колумбияда бір топ студент мінген автобус жол апатына ұшырап, 10 адам қаза тапты

Сурет: X/Geopoliticalkid
Колумбияда студенттер мінген автобус жол апатына ұшырап, 10 адам қаза тапты, тағы 11-і жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

RCN радиостанциясының хабарлауынша, жол апаты 24 мамырда Ла Линея секторындағы Геликоидаль көпірінде болған.

"Автобус көпір қоршауы темірінің біріне соғылған. Қаза тапқандар саны 10 адамды құрады, 11 адам жарақат алды", делінген ақпаратта.

Автобуста жүргізушімен қоса 26 жолаушы болған: Гумбольдт университетінің инженерлік факультетінің 23 студенті, екі профессоры және университеттің баспасөз қызметінің қызметкері. Олардың барлығы, алдын ала мәліметтер бойынша, осы аудандағы туннельдердің бірінде практикалық сабақ өткен. 

Болжам бойынша, жүргізуші механикалық ақауға байланысты рөлге ие бола алмай қалған. Көлік эстакада қоршауына соғылып, кейбір жолаушылар көпірден ұшып кеткен.

Барлық зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Оқиға фактісі бойынша апаттың нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Гумбольдт университетінде екі күндік аза тұту күні жарияланды.

Бұған дейін Сұлтан Сүлейменге арнайы түсірілген, түріктің ең танымал сериалы - "Ғаламат ғасыр" фильмінде басты рөлді сомдаған актердың сотталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты