АҚШ студенттік визалар бойынша жаңа сұхбаттарды уақытша тоқтатты

Сурет: pixabay
АҚШ-тың бүкіл әлемдегі елшіліктері студенттік және алмасу визаларын алу үшін жаңа сұхбаттар тағайындауды тоқтату туралы бұйрық алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Politico басылымы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың жеделхатына сілтеме жасап жазады.

Құжатқа сәйкес, консулдық бөлімдерге F, M және J санатындағы визалар бойынша сұхбатқа жазылу үшін қолжетімді орындар санын "арнайы нұсқаулар шыққанға дейін" арттырмау тапсырылған. Бұл шектеулер Ақ үйдің өтініш берушілердің әлеуметтік желідегі аккаунттарын міндетті түрде тексеру жоспарына байланысты енгізіліп отыр.

Нұсқау шыққанға дейін тағайындалған сұхбаттар қалыпты режимде өтеді. Алайда жаңа өтінімдер уақытша қолжетімсіз.

Құжатта әлеуметтік желілердегі профильдерді қандай критерийлер бойынша талдайтыны және қандай белгілер әлеуетті қауіп ретінде қарастырылатыны нақты көрсетілмеген. Politico дереккөздерінің айтуынша, бұл бастаманы жүзеге асыру студенттік визаларды беруде кідірістерге алып келуі мүмкін және шетелдік студенттер санының қысқаруына байланысты АҚШ университеттеріне теріс әсер етуі ықтимал. Шетелдік студенттер – көптеген оқу орындары үшін маңызды қаржыландыру көзі.

Бұған дейін Колумбияда бір топ студент мінген автобустың жол апатына ұшырап, 10 адам қаза тапқандығы хабарланған болатын.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

4 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамы