WhatsApp аватар функциясын алып тастайды

Сурет: wabetainfo
WhatsApp Android және iOS жүйелерінде аватар функциясына қолдауды тоқтататынын ресми түрде хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Жаңа жаңартуға сәйкес, аватар жасау және өңдеу құралдары баптаулар бөлімінен алынып тасталады. Дегенмен бұрын жасалып, сақталған аватар стикерлері қолжетімді болып қала береді.

WhatsApp өкілдерінің мәліметінше, бұл шешім пайдаланушылардың аталған функцияға қызығушылығы күткен деңгейден төмен болуына байланысты қабылданған, деп жазады WABetaInfo.

Өзгерістер біртіндеп енгізіледі. Пайдаланушылар аватар бөліміне кірген кезде, егер функция өшірілген болса, енді оны өңдеу мүмкін еместігі туралы ескерту шығады.

Кейіннен аватар функциясы толықтай жойылады. Сондай-ақ чаттарда аватарды стикер ретінде пернетақта арқылы жіберу мүмкіндігі де тоқтатылады.

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап кейбір Android нұсқаларына қолдауды тоқтататыны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді