Үндістанда турист әйел пілдердің шабуылынан қаза тапты

Сурет: pixabay
Үндістанның Карнатака штатындағы Дубаре пілдер лагерінде 33 жастағы турист әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Indian Express газетінің жазуынша, Канчан мен Мартаанда есімді екі қолға үйретілген піл шомылдыру кезінде күтушілерінің көз алдында өзара төбелесіп кеткен. Сол сәтте Мартаанда тепе-теңдігін жоғалтып, Тамилнад штатының тұрғыны Туласидің үстіне құлаған. Әйел бұл сәтте отбасымен бірге пілдерді бақылап тұрған.

Піл күтушілері жануарларды тыныштандыруға тырысқанымен, жағдайды бірден бақылауға ала алмаған. Әйелді судан шығарып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға таңертең болған. Ол кезде келушілерге пілдерді тамақтандыруға және оларды шомылдыруға рұқсат етілген. Туласидің күйеуі мен баласы аман қалғанымен, әйел суға құлап, пілдердің астында қалып қойған.

Карнатака штатының Орман шаруашылығы, экология және қоршаған орта министрі Эшвар Кхандре оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ ол штаттағы барлық пілдер лагеріне арналған қауіпсіздік ережелерін әзірлеуді және туристерді шомылып жатқан пілдерден кемінде 100 фут (шамамен 30 метр) қашықтықта ұстауды міндеттеді.

Дубаре орман лагері орманда ұсталған пілдерді үйрету бағдарламаларымен танымал. Мұнда Орман департаменті кіру үшін ақы алады, ал күтушілер туристерге пілдерді тамақтандыру және шомылдыру қызметтерін ұсынады.

Бұған дейін Үндістанда Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі салынуда екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді