Украина президенті Ресеймен қақтығысты тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді

Сурет: Владимир Зеленскийдің телеграм арнасынан
Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде Ресей тарапынан украиналық энергетикалық нысандарға өзара шабуыл жасамауға "шынайы ниет" білдірілсе, Украина да Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы беруден бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az жазуынша, Зеленскийдің сөзінше, Киев серіктестеріне (болжам бойынша, АҚШ-қа) азық-түлік пен энергетика нысандарын қоса алғанда, "аса маңызды инфрақұрылымның жойылуын тоқтататын Ресеймен осындай келісімді қамтамасыз етуді" ұсынған.

"Егер серіктестер Ресейдің біздің электр энергетикамызға, басқа да энергетикалық нысандарымызға, аса маңызды инфрақұрылымымызға және азық-түліктің тасымалдануына соққы бермеуге шынайы ниеті бар екенін қамтамасыз етуге дайын болса, біз де өз тарапымыздан шабуылдардан бас тартуға дайынбыз. Бұл келісім сенімді, ұзақ мерзімді және адамдардың өміріне нақты әсер ететіндей болуы керек. Ол ресейліктер өздерінің "сайлауын" өткізіп, дәл осы кезеңде бензин мен дизель отынына қысымның уақытша әлсіреуін алғаннан кейін бұзылып қалмауы тиіс", – деді Украина президенті.

Зеленский сондай-ақ "соғысты аяқтау қажет" екенін айтып, аса маңызды инфрақұрылымға соққы беруден бас тарту "бейбітшілікке бастайтын алғашқы қадам" болуы мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты ол "серіктестерінен нақты ұсыныстар күтетінін" мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Мәскеуде Владимир Путинмен үш сағаттан астам уақыт келіссөз жүргізгені белгілі болған.

Ресей
АҚШ
Путин Владимир
Зеленский Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады