350-ден астам отандық өндіруші Ulttyq Onim көрмесіне қатысады

Сурет: «Даму» Қоры
Қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Ónim атты дәстүрлі көрмесі елордадағы «Тәуелсіздік сарайында» биыл алтыншы рет өтеді. Көрмені 2015 жылдан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырып келеді.

20 мамырда сағат 11.00-де Ulttyq Ónim -2022 көрмесінің ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева қатысады деп жоспарланған.

Көрмеге келген 350 компания елорда тұрғындары мен қонақтарына азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфия саласындағы өздері өндірген өнімдерін ұсынады. Көрмеде «Халық Таңдауы» тәуелсіз дегустаторлар конкурсы, қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлерге арналған киім топтамалары және көрмеге қатысатын отандық өндірушілер ұсынған сыйлықтар ойнатылатын лотерея өтеді.

Баспасөз мәслихатында ШОБ мемлекеттік қолдаудың негізгі көрсеткіштері және 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі цифрлар айтылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды