Тұрғын үй бағасы рекорд жаңартты – Астанада "бірінші нарық", Алматыда – "екінші нарық" қымбаттады

Фото: freepik
2025 жылдың қыркүйегінде Астанада жаңадан салынған тұрғын үйдің бағасы бір айда 5,1%-ға өсті – бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары өсімдердің бірі. Бұдан жоғары айлық өсім тек екі рет – 2015 және 2022 жылдары тіркелген еді, ол кезде нарық девальвация мен геосаяси күйзелістерге жауап берген.

Алматы ма, әлде Астана ма: қай қалада арзан, қай қалада қымбат

Астанада жаңа тұрғын үйлердің бағасы тамыз айында да айтарлықтай өскен болатын, сондықтан күзгі динамика бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Екінші нарықтағы өсім елордада әлдеқайда төмен – айына 2,2% ғана, дегенмен бұл да 2025 жылғы ең жоғары айлық өсім. Елордада жалдау ақысының өсу қарқыны тіпті бәсеңдеді: қыркүйекте +1,8%, тамызда +3,1% болған еді. Жалға алу бағасы Алматымен салыстырғанда төмен деңгейде қалып отыр.

Алматыда жаңа пәтерлер нарығы дерлік тоқтап тұр – қыркүйекте өсім бар-жоғы +0,1% ғана. Соңғы екі айда "бірінші нарық" өзгеріссіз қалғанмен, "екінші нарық" жанданды: айына +1,2%.

Бұл екі нарық арасындағы айырмашылық, болжам бойынша, сұраныстың қайта артуымен байланысты – жаңа үйлердің қымбаттауы мен ипотекалық мөлшерлемелердің жоғары болуына байланысты көптеген сатып алушылар дайын тұрғын үйлерге көше бастаған.

Ал жалдау нарығында кері жағдай байқалады: Алматыда пәтер жалдау ақысы 2,7%-ға өсті – бұл 2023 жылғы тамыздан бергі ең жоғары өсім. Сегмент маусымдық сұраныс пен халық миграциясына, әсіресе күзде – студенттер мен қызмет көрсету саласы қызметкерлері қалаға ағылған кезде өте құбылмалы.

Шымкентте тұрғын үй нарығында жылдық өсім 15%-ды құрады, ал тоқсандық өсім (+4,7%) сатып алушылардың оңтүстік қалаларға көшу үрдісін көрсетеді.

Өңірлік өсім көшбасшылары

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығындағы құрылыс белсенділігі мен инвестиция ағыны байқалған қалалар: Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар және Қонаев.

Қызылордада тұрғын үй бағасы жылына 15%-дан астам өсті – бұл көрсеткіш инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы мен өткен жылғы төмен база әсерінен туындаған.

Павлодар жылдық өсім бойынша рекорд орнатып отыр – шамамен 26,4%. Бұл инвестицияның қолжетімді өңірлерге ауысқанын білдіруі мүмкін.

Ал Өскемен, Петропавл, Семей мен Түркістан қалаларындағы нарықтар стагнация жағдайында: жылдық өсім 2%-дан аспайды. Бұл сұраныстың төмендігін және инвестициялық белсенділіктің шектеулі екенін көрсетеді.

Қарағанды мен Қостанайда жылдық өсім орташа – 3-5% аралығында. Бұл тұтынушылық инфляция деңгейіне жақын, яғни нақты табыста тұрғын үй бағасы тұрақты деуге болады.

Жалпы алғанда, 2025 жылы тұрғын үй нарығы баяу, бірақ тұрақты өсім кезеңінде. 2022-2023 жылдардағы баға шоктарынан кейін өсім қарқыны біртіндеп тұрақталып келеді.

Тағы бір қызықты факт: 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, түзетулерді ескерсек те, соңғы бес жылда Қазақстанда тұрғын үй бағасы шамамен 60%-ға қымбаттаған.

2025 жылдың қыркүйегіндегі тұрғын үйдің орташа бағасы

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша: Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы – 549,4 мың теңге/ш.м. Ал, екінші нарықтағы баға – 567 мың теңге/ш.м. Жайлылығы бар жалдамалы тұрғын үй – орта есеппен 4 750 теңге/ш.м.

Ең қымбат қалалар – дәстүрлі түрде Астана мен Алматы. Бұл қалаларда:

Шымкент үшінші орында: жаңа тұрғын үйдің бағасы 515 мың теңге. Алайда, мұнда сирек кездесетін жағдай байқалады – екінші нарықтағы баға төмен (457,6 мың теңге), бұл ескі қордың белсенді сатылып жатқанын білдіреді.

Ақтауда жаңа тұрғын үй – 446 мың теңге, Бірақ екінші нарықтағы бағалар – бар-жоғы 342,5 мың теңге. Бұл теңіз жағалауындағы жаңа қымбат үйлер мен ескі аудандардағы үйлер арасындағы теңгерімсіздікпен түсіндіріледі.

Атырауда екі нарықтағы баға шамалас: Жаңа тұрғын үй – 505 мың теңге, екінші нарық – 495 мың теңге.

Орташа баға деңгейіндегі қалалар: Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей – бұл қалаларда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 370-460 мың теңге аралығында.

Ең төмен бағалар мына қалаларда тіркелді:

Бұған дейін Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын жас мамандар аталғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Қызылорда
Шымкент
Атырау
Ақтау
Алматы
Павлодар
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Талдықорғанда "синтетика" таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды