Оттавада жүк көлік жүргізушілерінің наразылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Оттава қаласының билігі наразылық акциялары тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретініне сенімді. Полиция жағдай бұдан былай бақылауда емес екенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz

Оттава қаласының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Оттава қаласының билігі шаһарда төтенше жағдай жариялады. Оған себеп жүк көлік жүргізушілерінің АҚШ-пен шекараны кесіп өткен жүргізушілерінен вакцинация төлқұжаттарын талап етуге қарсы наразылық акциясын өткізді.

«Төтенше жағдайдың жариялануы жалғасып жатқан демонстрациялардан қала тұрғындарының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін көрсетеді. Және басқа юрисдикциялар мен үкімет қолдауының қажеттілігін анықтайды». Оттава мэрі Джим Уотсон.

Бұған дейін қала мэрі Уотсон мен полиция наразылықтарға байланысты жағдайды бұдан былай бақылай алмайтынын айтты. Полиция басшысы Питер Слоли демонстрацияны тоқтату үшін қызметкерлердің жеткіліксіздігін мойындады.

Сенбі, 5 ақпанда наразылық білдірушілер саны бес мың адамға жетті. Акцияға жергілікті тұрғындар мен басқа қалалардан келген канадалықтар да қосылды.

Наразылық білдірушілер пандемияға байланысты барлық шектеулерді алып тастауды талап етуде. Жергілікті, провинциялық және федералдық саясаткерлер шерушілердің әрекетін айыптады.

Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты