Қазақстандағы жылу электр стансаларының көпшілігінің тозығы жеткен – депутат

«Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары жылу энергетикасы саласындағы жағдайға алаңдаулы. Олардың пікірінше, ЖЭО-ның көпшілігінің тозуы салдарынан өңірлерде апаттар қайталанатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Александр Милютин көктемде орын алған Степногор ЖЭО-да болған апат салдарынан қала тұрғындары бірнеше күн жылусыз қалғаны алаңдатарлық жағдай екенін еске салды. Бұл еліміздің барлық елді мекендерін жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау туралы ескерту.

Өйткені, Қазақстанда көптеген жылу электр станциялары, соның ішінде Степногорск 50 жылдан астам уақыт бұрын іске қосылған. ЖЭО-ның қазандықтардағы, жылу желілері мен жылу тұтыну жүйелеріндегі негізгі және қосалқы жабдықтарының моральдық және физикалық тозуы сыни деңгейге жетті және олар кез келген сәтте істен шығуы мүмкін. Оған дәлел жылумен жабдықтау жүйелеріндегі апаттардың жыл сайын кеңейіп жатқаны. Александр Милютин

Бұл жағдайдың басты себебі, Қазақстан халық партиясы фракциясы депутаттарының пікірінше, Қазақстанда жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясаттың, сондай-ақ оны жүзеге асыратын мемлекеттік органның жоқтығы.

Мәселен, ЖЭО-ға Энергетика министрлігі, қазандықтарға жергілікті атқарушы органдар, жылу желілеріне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар, ал тарифтік реттеу Ұлттық экономика министрлігіне жүктелген. Сонымен бірге бұл органдардың құзыреті нақты белгіленбеген.

Бөлімшелердің осындай бытыраңқылығы және жылу энергетикасы саласында біртұтас саясаттың жүргізілмеуі салдарынан ЖЭО қазандықтары мен турбиналарын уақтылы жаңғырту және жаңарту, сондай-ақ жылу желілері мен сорғы жабдықтарының тозған құбырларын жоспарлы түрде ауыстыру, қамтамасыз етілмейді. Сондықтан Степногорскіндегідей жағдай еліміздің кез келген елді мекенінде қайталануы мүмкін. Александр Милютин

Осыған байланысты депутаттар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға келесідей сұрау жолдайды:

6 мамырда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне жылу электр орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізуді тапсырды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: