Әсел Айтбаеваның ісімен қамалған күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамауға алынған жалғыз күдікті алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы алдын ала сот тыңдалымына дайындықта айтылды. Марқұмның туысқаны болып келетін Мұрат Мейірбеков қорғаушысымен бірге сот отырысының қарапайым форматын таңдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алқабилерсіз кінәсіз екенімді дәлелдеу оңай. Ол бүгін талқыланды. Менің клиентімнің сұрауы бойынша таңдалды. Оны мәжбүрлеуге қақым жоқ. Шыназбек Маханов, Мұрат Мейірбековтің адвокаты

Сот отырысы БАҚ өкілдерінсіз өтеді. Алайда Әсел Айтбаеваның ата-анасы мен олардың қорғаушысы процестің ашық өткізілуін талап етіпті, деп жазады КТК телеарнасы.

Сот залына журналистермен бірге марқұмның әкесі де кіргізілген жоқ. Өйткені іске куәгер ретінде шақырылған адам заң бойынша сотқа қатыса алмайды. Алдын ала сот тыңдалымы аяқталғанша, Алтай Айтбаев әйелі мен адвокатын дәлізде күтумен жүрді.

Марқұм Әселдің өліміне қатысы бар жалғыз күдіктінің мүддесін оның адвокаты мен қоғамдық қорғаушы ретінде ағасы қорғамақ. Мұрат Мейірбеков адам саудасы және адам зорлау ісімен бір жылдан бері қамауда отыр.

Әселдің Грузиядағы көлік сататын салонда жұмыс істеуіне ол түрткі болған. Бір апта өткен соң қыздың денесі Тбилисидегі көпқабатты үйдің терезесінің астынан табылады.

Грузия полициясы Әселді зорлады, өзін-өзі өлтіруге мәжбүрледі деген күдікпен 56 жастағы Бесик Тордуаны ұстайды. Айтбаевтар отбасы Мейірбеков осы грузин азаматына қызын сатты деген ойда.

Бесик ұсталғаннан кейін бірнеше айдан соң түрмеде инфарктен қайтыс болды. Қайғыдан қан жұтқан әкесі мен шеше сот отырысына онлайн болса да Тбилисидегі тергеушілер қатысса дейді.

Әкесі ретінде сот залына кіргізуі керек еді. Ол менің қызымның абыройы емес пе? Не айтылып жатқанын біліп отырғаным дұрыс деп ойлаймын. Алтай Айтбаев, марқұм Әсел Айтбаеваның әкесі
Сот отырысына ол тек куәгер ретінде тыңдалғаннан кейін қатыстырылады. Заң солай. Жабық сот отырысы. Өйткені бұл жерде жыныстық қол сұғылмаушылық туралы талқыланып жатыр. Саида Сүлейменова, адвокат
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: