Солтүстік Корея жауапты ядролық мемлекет деп жарияланды

Сурет: pixabay
Мұндай заңды мемлекет басшысы Ким Чен Ын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Корея лидері ядролық қарусыздану бойынша келіссөздер жүргізуге ниетті емес екенін мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаңа заңға сай Пхеньян өзіне қарсы қауіп төніп тұр деп есептесе, жауға ядролық соққы беруге құқылы.

Бұған қоса, сырттан шабуыл жасалса, ядролық қаруын автоматты түрде қолдануға мүмкіндік алды.

Ким Чен Ын жер бетінде ядролық қару мен империализм сақталып, АҚШ пен оның одақтастарының Пхеньянға қарсы маневрлері тоқтамайынша, ядролық күштерді нығайту жұмыстары жалғасады деп мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты