Жайылымнан 2 млн теңгенің қойларын ұрлап кеткен

Сурет: pixabay
Қазығұрт ауданында екі шетелдік 2 млн теңгенің қойларын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

BAQ.KZ таратқан мәліметке сай, жайылымнан мал ұрлаған шетелдік екі азамат қамауға алынды. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне шағымданған шымкенттік тұрғынның айтуынша, жайылымдық жерден құны 70 000 теңге тұратын 27 бас қойын белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 000 000 теңгеге жуық.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Жедел тексеріс жұмысы нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде шетелдік екі ер адам ұсталды, - делінген хабарламада.

Олар Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының азаматтары болып шықты. Қазіргі таңда сезіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда сиыр етін экспорттау талаптары өзгереді