5 қаңтар күні Шығыс Қазақстанда қалың қар жауады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, терең атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елде қар жауса, шығыста қалың қар түседі.

Республика бойынша екпінді жел күшейеді. Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады.

Астанада күн көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0°С шамасында.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +2+4°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +10+12°С.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды