"Интер" - "Бенфика": Айдын Қожахметтің шайқасқа қатысты болжамы

Осы командалар арасындағы алғашқы матчта "Интер" өз-өзін мықты етіп көрсеткені соншалық, болар матч үшін еш уайымдамауға болады деп ойлауға болар еді.

Алайда," Бенфика" Миланға ақ жалауды тастауға бара жатқан сияқты болып көрініп отырған жоқ.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы текетіреске қатысты өз болжамымен бөлісті.

"Интер"

Италияда Симоне Индзаги командасының жағдайы нашар. Бірнеше ай бұрын "Интер" "Наполидің" чемпиондыққа басты бәсекелесі бола тұрып, бүгінде турнир кестесінің бесінші тармағында орналасқан және келесі маусымда Чемпиондар Лигасына жолдамасыз қалу қаупі бар. Лиссабондағы алғашқы матчты есепке алмағанда, "қара-көктер" жеті ойын бойы жеңіске жете алмай келеді! Қазіргі жаттықтырушы басты еуропалық турнирде сәтті ойын көрсетіп, жетістікке жеткен жағдайда ғана өз орнын сақтап қала алатын сияқты.

Миландықтар "Бенфикамен" өтетін текетіреске қорғаныстағы шығындарымен жақсы көңіл-күймен келе жатқан жоқ. Милан Шкриньяр мен Деальберт әлі де жарақатынан айықпады, оған қоса Стефан де Вреяның қатысуы күмәнді болып отыр.

"Бенфика"

Шын мәнінде "Бенфиканың" жағдайы "Интерге" қарағанда әлдеқайда жақсы деп айтуға болмайды: соңғы үш матчта Роджер Шмидт командасы үш рет сәтсіздікті басынан өткерді. Егер "Интер" мен "Портудан" жеңілістерін қарсыластың жоғарғы ойын деңгейімен түсіндірілсе, "Шавишпен" соңғы ойындағы қателік жалпы көрініске сәйкес келмейді. Оған қоса, "қырандар" көшбасшыларын "Интермен" жауап ойынына сақтамады, өйткені Шмидт барлық мықтыларды сол ойынға пайдаланып қойды.

Бірақ " Сан-Сирода" біз мүлдем басқа - ашуға толы және қарсыласудың нәтижесін өзгерткісі келетін "Бенфиканы" көретін боламыз. Оған қоса, шабуылдаушы желінің барлық негізгі орындаушылары сапта және жақсы дайындықта деп айтуға болады.

Жеке кездесулер тарихы

Екі клубтың да еурокубоктарға тұрақты қатысып жүргеніне қарамастан, бұл шайқас олардың бас түйістіру тарихында тек екінші рет болып отыр. Бұған дейін" Интер "мен" Бенфика " тек 2004 жылы кездескен болатын. Бұл УЕФА Кубогында болған және итальяндық клуб екі матчтың жеңімпазы атанған.

Матчқа болжам

Бұл жағдайда, біреуінің жоғалтатын ештеңесі жоқ, ал екіншісі бәсекеге бәрін тігіп қойған. "Интердің" сүзісуге көздеген мақсаты жоқ, ал" Бенфике" болса " Сан Сиродан" мақтанышпен еңсесін тік ұстап шығып, "біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық" деп айтуы маңызды болып отыр. Биылғы жылы миландықтардың қорғаныстағы нашар ойынын есіңізге алып, менен ең айқын емес болжамды алыңыз. Мен "Бенфикаға" сеніп, ол бірнеше гол соғады деп сенемін. Менің Parimatch-тегі серіктестерім "Бенфиканың" жеке тоталы 1-ден көп" деген оқиғасын 1.90-коэффициентімен бағалайды.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Интер" - 2.12, Тең ойын - 3.45, "Бенфика" - 3.60


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: