БҚО тұрғындары қаржы пирамидаларына 120 миллион теңге аударған

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында "Life is good" және "Hermes" жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схеманы ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді ҚМА аумақтық департаменті жүргізіп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында «Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидалар құрған тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық Депаратменті тергеуде.

Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз.

Еске салайық, Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды