Түркістан облысында мектеп оқушыларына кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Оқу жылының аяқталуына орай мектепті бітіріп жатқан түлектердің кортеж ұйымдастыру жайттары толастар емес. Осындай кезекті құқық бұзушылық Төлеби ауданында болды.

Нақтырақ айтсақ, аудан көлемінде полицейлермен “Бір ай жол-көлік оқиғасыз” акциясы өткізіліп жатыр. Осындай кезекті жұмыс кезінде төлебилік тәртіп сақшылары автокөлік басқару кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін сақтамай, тасымалдау ережелерін бұзуға жол берген жүргізушілерді анықтады.

Яғни Tоyota Alphard, Tоyota Land cruzer 200, Tоyota Camry, Mersedes Benz, Chevrolet Cruze, Ваз-21099 автокөліктері анықталды.

Бұл көліктердің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен – 4, 593-бабы 1-бөлігімен – 7, 595-бабы 1-бөлігімен 3 әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа қойылды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

4 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамы