Тоқаев: сауда-саттық шектеулер жаһандық экономиканың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр

Президент жеткізу тізбегінің бұзылуы, инфляцияның өсуі және сауда-саттық шектеулер жаһандық экономиканың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отырғанын алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осыған қарамастан, Қазақстан сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп үлгерді деп сенімді түрде айта аламыз. Төрт айда экономиканың нақты өсімі 5 пайызды құрады. Бұл бұған дейін болжанған орташа әлемдік көрсеткіштен үш есе көп. Экономикамыздың барлық негізгі секторында оң динамика байқалады." Президент

Мемлекет басшысының сөзінше, былтыр біз шетелден 28 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарттық. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бір айта кетерлік жайт, шетелдік инвесторлар шикізаттық емес секторға айрықша қызығушылық танытады. Халықаралық рейтинг агенттіктері де Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады.

"Бүкіл әлемде протекционизмнің белең алуына қарамастан, ашық нарықтық экономикасы бар ел ретінде өз позициямызды нығайта түстік. Сыртқы сауда айналымы 32 пайызға өсіп,134 миллиард долларға жетті." Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: