Түркістан облысының тұрғындарынан тіркелмеген қару мен есірткі тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады.

Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақтаған Жетісай ауданының екі тұрғынын, яғни әкесі мен ұлын анықтады.

Полицейлер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде Юнкер тіркелмеген қаруды, 16 калибрлі аңшылық мылтық, түрлі калибрлі патрондар, сондай-ақ дубинка мен есірткі заттарын тауып, тәркілеп алды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты