Оралда жаңа автобустар желіге қосылды

Сурет: Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Орал қаласындағы «Оралавтотранс» тасымалдаушы кәсіпорнының автобус паркі жаңа 9 автобуспен толықты.

"Вектор Next" маркалы-3, "Yutong" маркалы үлкен класты 6 автобус 5, 12, 43 қоғамдық көлік бағыттары бойынша желіге қосылады деп күтілуде.

"Кәсіпорын иелігіндегі техникалардың құрамын жыл сайын жаңартып отырамыз. Ескі техникаларымызды кезең-кезеңімен жаңа автобустарға ауытырып тұрмыз. Жуырда "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы 9 жаңа автобус сатып алдық. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз", — дейді "Оралавтотранс" ЖШС директоры Қайрат Исқақов.

Сурет: Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов жүргізушілерге автобустардың кілтін табыстап, жаңа қоғамдық көліктердің халық игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді. Жолаушыларға лайықталған автобустарда жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған. Көлік салоны кондиционермен, арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған пандус, электронды табло және бейнекамералармен жабдықталған.

Сурет: Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орал қалалық бспасөз қызметінің бергнен мәліметіне қарағанда қалалық жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар жыл сайын автобус парктерін жаңартуда. Бұл — тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау арқылы жүзеге асып отыр. Өткен жылы осы бағытта қалалық кәсіпорындарға 3,9 млрд теңге көлемінде субсидия берілсе, биыл 5,2 млрд теңге қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі