Мұндай айланы қолдануға лиганың бүкіл тарихында 17 ойыншы ғана қол жеткізген. Бұл рекордқа баға беру үшін Романмен өткенге шолу жасап, қазіргі уақытындағы жетістіктерін бағалап, болашаққа аздап көз жүгіртіп көрейік.
Өткен шақ
"Лигадағы алғашқы ойын өмірімнің соңына дейін жадымда қалады. Мен 22 жастамын, күнтізбеде 2008 жылдың 3-қыркүйегі еді. Содан бері 15 жыл уақыт зымырап өтіп кетіпті. Көптеген керемет матчтар болды. Мысалы, Уфадағы "Салават Юлаевпен" ойын, біз соңғы минутта 3 гол соғып, жеңіске жеттік. 2019 жылы" Торпедомен" өткен серия: өз ойын алаңымызда 0:4 есебімен артта келіп, бірақ матч есебін өз пайдамызға бетін қарата алдық. Ал овертаймда мен жеңіс әкелген голды қақпаға соққан едім".
Старченконың барлық жетістіктерін тізімдеу оңай мәселе емес, бірақ біз тырысып көреміз. ҚХЛ-дағы дебютіне дейін ол қысқы Универсиада мен континенттік Кубоктың қола жүлдегері атанған еді. 2011/12 маусымы сол кездегі ең жылдам лига голын 8-нші секундта соқты. 2013 жылы Роман ұлттық құрамамен үздіктердің дивизионына жолдама алып, Будапешттегі әлем чемпионатының символдық құрамасына кіріп, турнирдің үздік шабуылдаушысы атанды. Бұл атақ, ең құнды ойыншы атағы сияқты, оның мансабында бірнеше рет берілген.
Қазіргі шақ
"Мен бұл ойынды жақсы көремін. Мен аренаға келгенді, жұмыс істегенді, командада болғанды, барымды салып, жаттығуды және мұз айдынында және одан тыс жерлерде осы спорт түріне өзімді толықтай арнағанды ұнатамын. Менің жетістігім керемет отбасым – жұбайым мен балаларымсыз, сондай-ақ жанкүйерлер мен команда жігіттерінің қолдауынсыз мүмкін болмас еді".
Бүгінде Старченко бір жылдық үзілістен кейін өз командасында тағы да көш бастап тұр. Оның қоржынында 210 гол және 191 нәтижелі пас, сондай-ақ "Барыс" пайдасына соғылған 386 ұпай бар. Романды жаңа маусымда жаңа серіктес – Parimatch қолдап отыр. Сондықтан спортшы тек биік шыңдардан көрінуді жоспарлап отыр.
Болашақ
"Мен лигада мерейтойлық 1000-шы ойынды ойнасам деп отырмын. Ол үшін мен ҚХЛ-да тағы үш маусымды өткізуім керек. Егер мен командаға Гагарин кубогын жеңіп алуға көмегім тиіп, оны Астанаға әкелсем, керемет болар еді. Біз Лигада алғаш құрылғаннан бері келеміз, әдемі қаламыз, ұйымымыз бар, бізбен бірге жанкүйерлердің бірнеше буыны өсті - "Барыс" чемпионаттағы жеңіске лайық".
Әр ҚХЛ ойыншысы Гагарин кубогын көтеруді армандайды. Бұл төгілген тер мен құлшыныс үшін көптен күткен марапат қана емес, сонымен қатар үлкен абырой мен даңққа ие болу ғана емес, жанкүйерлердің командаға адалдығы үшін алғысы деп білемін. Чемпионат ағымы қалай өтетінін ешкім де болжам біле алмас. Бірақ бізді алда тағы үш маусым күтіп тұр, аты аңызға айналған "Барыс" ортақ мақсатқа жету үшін бар күшін салатынына сенімді бола аласыз.