Жамбыл облысында зейнеткердің үйінен 30 келіден астам қарасора тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен полиция қызметкерлері Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының 64 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адам өз үйінде бірден жеті жерден жасырын орын дайындап, шатырда, ас үй бөлмесінің жертөлесінде, жатын бөлмеде, аулада есірткі заттарын жасырған.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері барлығы 30 келі 700 грамм кептірілген қарасора тәркіледі. Сұрақ алу кезінде күдікті кінәсін мойындады.

Қарасораны ол Байзақ ауданының құмға жақын аумағында жинап, кептірген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда.


"2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта ұсталған азамат мал ұрлығы, ұрланған малды союшы, мал тасымалдаушы санаттары бойынша профилактикалық есепте тұрған. Күдікті есірткі заттарын өзінің бес кәмелетке толмаған балалары тұратын үйінде сақтаған", – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды