Атырау облысында су маржандары құтқарылды

Сурет: pixabay
Атырау облысындағы Жайық, Қиғаш өзендерінде балыққа оттегі жетпей, қырылып қалуы мүмкін деген қауіп бар. Себебі су айдындарының бетіне қалың мұз қатты.

Сондықтан мамандар су маржандарын мұз құрсауынан құтқару шараларына білек сыбана кірісті. Биылғы қыста су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 30 сантиметрден асқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұндайда су астындағы тіршіліктің тынысы тарылып, әсіресе балықтарға оттегі жетпей жатады.

Сондықтан табиғат жанашырлары су айдынының көлеміне қарай мұз бетінен 10-15 жерден ойық жасады.

"Бұл майна балықтың өзінің уақытылы көбеюі, қырылып қалмауының алдын алу жұмыстары. Автокөліктер мұз үстіне шығып, судың астына кетіп қалып жатқан фактілері бар. Сол себепті халық назарына айтарымыз автокөлікпен мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады." Темірхан Оңайбаев, "Жайық-Каспий" облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев