Есірткі, зорлық-зомбылық және сатқындық: қазақстандық отбасылар неге ажырасып жатыр

Сурет: pexels
Сенатта өткен үкімет сағатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы ажырасудың себептерін атады. Олардың арасында маскүнемдік, нашақорлық, зинақорлық бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ұлттық отбасы баяндамасына сәйкес, 95,4% отбасылық қарым-қатынасты қолдайды және қанағаттанады.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы некеге тұру 5,9%-ға, ал ажырасу 5,3%-ға азайды. Ажырасудың негізгі себептері - алкоголизм, ерлі-зайыптылардың бірінің нашақорлығы - 61,7%, тұрмыстық зорлық-зомбылық - 51,1%", опасыздық - 47%, құмар ойындарға тәуелділік - 38,4%. Зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың 20% үшін ажырасудың басты себебі - бала сүйе алмау; әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады". Аида Балаева

АХАЖ органдарына келіп түскен сот шешімдеріне сүйенсек, балалы отбасылардағы некені бұзудың бастамашылары негізінен әйелдер – 70%-ға дейін екені анық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты