Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 4 сәуір күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Қазақстанның көптеген өңірінде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Ал, "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Жайық өзені бойындағы көктемгі су тасқынының күтілетін көлемін жариялады.

Таратылған хабарламада Жайық өзені ағынының қалыптасуының жоғарғы аймағындағы бақылаулар деректеріне негізделген Росгидрометтің болжамдарына сәйкес көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылғы орташа көпжылдық мәндер мен көрсеткіштерден 2-2, 5 есе асатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты