Қорғаста Қытай азаматтарына арналған ойынхана мен жезөкшелер үйі анықталды

"Қорғас" ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын ҚХР азаматтары ұйымдастырған. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылдың 5 сәуіріндегі есеп бойынша, астыртын казинолар түнде шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда, тек Қытай азаматтары үшін жұмыс істеді.

"Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді." ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: