Тұрғындарға пәтер шығынымен бірге үй ішіндегі мүліктің құны да өтеледі

Сурет: Zakon.kz
Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға пәтер шығынымен бірге, үй ішіндегі зақымданған мүліктің құны да өтеледі. Бұл туралы Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов айтты. Қазір ауданға қарасты ауылдарды құрылыс сарапшылары аралап, сараптама жасауды бастап кеткен.

Қостанай облысындағы 51 ауыл, Тобыл қаласы қарайтын ең үлкен Қостанай ауданына 4 мыңға жуық адам эвакуацияланған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Үйде болған жоқпыз. Бізге алдын ала ескертті ғой, су келеді, заттарыңызды шығарыңыздар өздеріңіз де кетіңіздер деп. Бірақ біз ойладық сонша су келеді деп. Барлық өтініштерді жаздым. Документтерімді тапсырдым. Барлығы айтып жатыр осы көше бізге жаңадан үй салып берсін деп." Ғалия Мейірманова, Алтынсарин ауылының тұрғыны

Алтынсарин ауылында өткен аптада 151 үйді су басып қалды. Шығынды есептеумен айналысатын комиссия құрылды. Сонымен бірге құрылыс сарапшылары ауылдағы үйлерді аралап сараптама жасап жүр.

"Техникалық экспертиза жасап отырмыз. 80 пайыздай жарамсыз. Халықтың өтінішін алып, біздің артымызда товарно материальная экспертиза жүріп жатыр." Алтай Базылбеков, "Стройэксперт плюс" компаниясының сарапшысы

Заң бойынша 30 күннің ішінде. Бірақ біздер мына 3-4 күннің ішінде төлеп береміз. Пәтер шығын бөлек есептеледі. Іштегі қалған мүліктің бәрі өтелінеді, -деп жеткізді Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті