"Аптап ыстық, жаңбыр, найзағай". Еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның үш қаласында 28, 29 және 30 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

Астанада 28 шілдеде аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C күндіз: +22...+24°C.

29 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +24...+26°C.

30 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +26...+28°C.

Алматы

Алматыда 28 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +24...+26°C, күндіз: +36...+38°C.

29 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +23...+25°C , күндіз: +35...+37°C.

30 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +23...+25°C, күндіз: +35...+37°C

Шымкент

Шымкентте 28-30 шілдеде аспан бұлтты болғанымен, күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +35...+37°C

Сонымен қатар, синопниктердің айтуынша, 28 шілдеде Қонаев қаласында аптап ыстық болады деп болжайды: +41 °C, аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде: +24...+26°C.

Петропавлда аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы күндіз: +19...+21°C, түнде: +14...+16°C.

Қостанайда аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы күндіз: +21...+23°C, түнде: +10...+12°C. 

Көкшетауда аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, екпінді жел болады. Ауа температурасы күндіз: +20...+22°C, түнде: +13...+15°C.

Павлодарда аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +19...+21°C.

Қарағандыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +26...+28°C, түнде: +17...+19°C.

Өскеменде аспан бұлтты, күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз екпінді жел болады деп болжанады. Ауа температурасы күндіз: +33...+35°C, түнде: +18...+20°C.

Семейде аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел болады. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +21...+23°C.

Оралда аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз: +26...+28°C, түнде: +12...+14°C.

Атырауда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +16...+18°C.

Ақтөбеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, күндіз жел соғады. Ауа температурасы күндіз: +24...+26°C, түнде: +11...+13°C.

Ақтауда аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз: +27...+29°C, түнде: +17...+19°C.

Таразда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +35...+37°C, түнде: +21...+23°C.

Түркістанда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +38...+40°C, түнде: +21...+23°C.

Қызылордада күн райы жауын-шашынсыз, аздап бұлт шығады. Ауа температурасы күндіз: +32...+34°C, түнде: +20...+22°C.

Айта кетсек, 27 шілдеде Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған.

Қазақстан Шымкент Алматы Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: