Атырау полициясы есірткі өткізбек болған күдіктілерді тоқтатты

Сурет: ҚР ІІМ
Есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы өткізбек болған күдіктілердің бірі – 19 жаста, екіншісі – 39 жаста. Олардан 350 бума есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Атырау қаласы аумағындағы есірткі заттарын таратумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің жалға алынған пәтерін тінту барысында 181 дана пакетке оралған ерекше иісі бар қара қоңыр түстес есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамды ұстады.

Тексеру кезінде одан 25 бумаға оралған есірткі тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің қала аумағында жасырған 6 бума есірткісі тәркіленді.

Күдіктінің жеке пәтерін тінту барысында 96 бума синтетикалық есірткі және ерекше иісі бар жасыл түстес өсімдік салынған 31 бума тәркіленді.

Қазіргі уақытта екі күдікті де қамауға алынып, оларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді